Сын-сағатта көмек берді

Screenshot_13.jpg

Жұқпалы індеттің жайылуына байланысты үшінші мегаполисте сақтық шаралары күшейтіліп, қала шекараларына 17 блок-бекеттері қойылғаны белгілі. Бекеттерде  полиция және медицина қызметкерлері отбасын тастап күндіз-түні кезекшілікке тұрып, ел саулығын және тәртіпті бақылауда ұстауда. Осы орайда аталған мамандық иелерінің өз кәсібініе адалдығын және үлкен жүкті арқалап жүргендігін айта кету керек. Мұны шымкенттік еріктілер де сезінеді. 

Қаладағы  волонтерлар аталған мамандарға көмек және алғыс ретінде Бадам блок-бекетінде тұрған полиция және медицина қызметкерлеріне түскі ас таратты.

Игі шараға қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары атсалысып, “Hadya” мейрамханасы демеушілік етті.

Сын сағатта халыққа қалтықсыз қызмет етіп жүрген сала мамандарына алғысын білдірген "Hadya” кафесінің ресми өкілі Жүсіп Әбдірахманов барлық тамақтану орындарын осындай акцияға атсалысуға, бір-бірімізге қол ұшын созуға шақырды. 

Айта кетейік, қалада індет жұқтырған 3 адам тіркелген. Ал сыртқы жолдарға орнатылған 17 санитарлық блок-бекетте полиция және медицина қызметкерлері тәуліктік режимде жұмыс істеуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер