Ата-аналар қашықтықтан жиналысқа қатысты

Screenshot_20.jpg

Жуырда мектептерде төртінші тоқсан басталады. Енді балалар еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан сабақ оқиды. Осыған орай қазіргі таңда алдын-ала ата-аналар мен мұғалімдер жиналыс өткізіп жатыр. 

Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты №75 мектеп-гимназиясында 2 сәуір күні қашықтықтан ата-аналар жиналысы өткізді. Аталған онлайн жиында «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Күн тәртібінде:

1. ІV тоқсанда оқушыларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;

2. Whatsapp,Daryn.online ,BilimLand,Zoom платформасында онлайн сабақ өткізу бойынша жадынамамен таныстыру;

3. Оқушылардың уақытын бөлу, режимді сақтаудың маңыздылығы туралы;

4. Короновирустық ифекцияның алдын алу.Негізгі сақтық шаралары.

5.Психологтың ұсыныстары.

Аталған мәселелер бойынша барлық сынып жетекшілер ата-аналар жиналысын zoom платформасы арқылы өткізіп, слайд, презентация көрсетіп, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында ата-аналарға коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ ата-аналар мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен балаларды оқыту процесінде қажет болуы мүмкін әртүрлі практикалық және теориялық білім мен біліктілік қажет екендігі туралы мәлімет алды. Жиналысқа мектеп директоры А.Д. Оразбаева, ДОІЖО, педагог-психологтар қатысып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар айтылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер