Залалсыздандыру шаралары күшейтілді

Screenshot_19.jpg

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Және 4 сәуірден бастап қала ішінде қатаң тәртіп енгізілді. Қалада 18 блокпост жұмыс істеуде.Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы қоғамдық орындарда, тұрғын үй аулалары, орталық көшелер мен ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтарында дезинфекция жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Қалаға қарасты 4 ауданда әскери бөлімнің қызметкерлері және арнайы машиналар жұмылдырылған.

Шымкент қаласы аумағындағы залалсыздандыру шаралары карантин мерзімі аяқталғанға дейін күшейтілетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына жасаған мәлімдемесінде айтты.

– Қаланың тыныс-тіршілігі тоқтамауы үшін қала әкімдігі барлық шараларды қабылдайды. Осындай қиын сәтте, Шымкентті жан-тәнімен сүйетін әрбір тұрғынға қаламыз біздің көмегімізге зәру екендігін айрықша атап өткім келеді. Қаламызға тигізер көмегіміз – бұл біздің бір кісідей карантин талаптарын бұлжытпай орындауымызда екендігін атап өтемін, - деді шаһар басшысы.


Сондай-ақ Шымкентте қоғамдық көліктер күніне ек рет дезинфекциялануда. Онда дезинфекциялау жұмыстары бағыттардың жұмысы аяқталған соң, кешкі уақытта автобаза аумағында және күндізгі уақытта бағыттың соңғы аялдамаларында тұрақты атқарылуда. Сонымен қатар орталықтағы аулалар, балалар алаңшалары мен аялдамалар толық залалсыздандырылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды
  • В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер