Жалақылары толық көлемде сақталады

Screenshot_9.jpg

Қазіргі таңда үшінші мегаполисте 75 386 бүлдіршін бар. Ал осы балаларға арналған 521 балабақша бар. Олардың 82-сі мемлекеттік болса, 439 – жекеменшік болып табылады. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының шешімімен қаладағы барлық балабақшалар қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде меншік түріне қарамастан барлық балабақша жұмыс істемей тұр. Себебі, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі мемлекет үшін де ата-ана үшін де маңызды болып отыр. Ал балабақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде сақталу туралы шешім қабылданды. 

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының шешімімен қаладағы барлық балабақшалар қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде меншік түріне қарамастан барлық балабақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде сақталу туралы шешім қабылданды. Яғни балабақшаларда жұмыс істейтін қызметкерлер уақытылы айлығын алатын болады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

Елімізде төтенше жағдай тоқтатылғаннан соң барша балабақша өз жұмысын жалғастырады. Ал оған дейін ата-аналар өз балаларына жауапты болып отыр. Ал жеке-меншік балабақшалар онлайн түрде бүлдіршіндерге түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізуі мүмкін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Президент: «Соңғы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе өсті»
  • Мемлекет басшысы: «Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер