Шектеу шараларын тұрғын үйлерді аралап түсіндірді

Screenshot_10.jpg

Мамандар қаладағы барлық тұрғын үйлерге жеке кіріп, түсіндіру жұмысын қолға алды. Шымкент қаласында коронавирус індетінің алдын алу мақсатында шектеу шараларын ТЖ департаментінің тапсырмасымен әрбір тұрғын бұл карантин ережесімен таныс болуға міндетті. 

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның келісімімен 4 сәуір сағат 21.00-ден 15 сәуір аралығында Шымкент қаласы аумағында карантин режимі енгізілді. Карантин кезінде тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. Қоғамдық демалыс орындары, сонымен қатар саябақтар мен балалар алаңшаларына баруға болмайды. Қала тұрғындары үйлерінен азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық көмек, банк және пошта қызметтерін алу үшін ғана шыға алады. Ал негізсіз көшеге шығып, төтенше жағдайдың тәртібін бұзғандар жауапқа тартылатын болады. Ал арнайы рұқсат етілген жұмысы бар қызметкерлер өз жұмыс орнынан рұқсаттама қағазы болу керек. Бірақ ол жұмыс уақытынан тыс уақытта жарамсыз болатынын есте сақтаған жөн.

«Дәл қазіргі жағдайда індеттен өзін-өзі оқшаулау ғана қала тұрғындарын аман алып қалатындығын ескертеміз. Осы орайда, сақтық шараларын қатаң ұстану жолдары қала тұрғындарына тұрақты түсіндірілуде», - дейді Төтенше жағдай департаментінің мамандары.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер