Үшінші мегаполистегі залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Олар енді аудандарды жеке-жеке алып толықтай дезинфекция жасауға тырысуда. Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй бар. Сондай-ақ, 2244 кіреберіс алаңы және 400 ойын алаңы бар.
Қазіргі таңда адамдар далаға тек қажеттіліктен шығуына байланысты көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелердің 90 пайызына дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады. Себебі, вирус өршіп тұған уақытта қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру маңызды. Және адамдардың жеке басының сақтық шаралары үшін де бірқатар қызметтер атқарылуда.
Осы орайда, аудан тұрғындары тарапынан дезинфекция жұмыстары бойынша қосымша сұрақтар болса, шұғыл аудан әкімі аппаратының 54-96-54 кезекші телефонына хабарласу керектігін хабарлайды. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі alfarabi.shymkent (Инстаграм парақшасы) және Әл-Фараби Ауданы Әкімінің Аппараты (Фейсбук парақшасы) парақшалары арқылы тұрғындар өтініштері мен пікірлерін білдіре алады. Қала әкімдігі тұрғындардың ұсыныстарын уақытылы қабылдауға тырысады.