​Амангелді Ергешбекұлы: «Шымкенттегі госпиталь халықтың денсаулығын сақтау үшін қажет»

Screenshot_3.jpg

Қазіргі таңда үшінші мегаполисте коронавирус пандемиясына шалдыққан 20 пациент бар. Бұл көрсеткіш есенуі де ғажап емес. Осы себепті арнайы тапсырмамен Шымкентте 200 орындық госпиталь салынуға жоспарға алынып, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Осыған қатысты Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Ергешбекұлы мәлімдеме жасады. Айтуынша, еліміздегі өзге де ірі қалалардағыдай арнайы госпиталь салынуы тиіс. Бұл қала тұрғындары үшін қауіпті емес.

«Шымкентте құрылысы басталған 200 орындық модульдық инфекциялық госпиталь бірінші кезекте миллион тұрғыны бар қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Осындай жедел шешім қабылдау арқылы бұл құрылыс коронавирус инфекциясы COVID19 пандемиясының өршуін тоқтату мақсатында іске асырылып жатыр. Аурухана стационар, жан сақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай салынып, оған қажетті мамандар іріктеліп алынады.

Модульдық госпиталь санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай, қала құрылысы нормативтері мен архитектуралық заңнама толықтай сақталған. Бұл тұрғындарға қауіпті емес.Госпиталь инфекциялық аурулардың алдын алуды жақсартатын болады», - дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Ергешбекұлы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер