Қалалық перзентханада жылына 9 мың нәресте дүниеге келеді

Screenshot_15.jpg

Шымкенттегі қалалық перзентханада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Медициналық ұйымға тиесілі 6 ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Мердігер компания сәуірдің соңында алғашқы 3 корпустың құрылысын бітіруді және 3 ғимараттың күрделі жөндеуін күзге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханада жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда қалалық перзентхананың ескі ғимаратында қажетті ем-дом алуда. Жөндеу жұмыстары аяқталысымен жаңа бөлімге көшіріледі. Аталмыш медициналық ұйымның жөндеу жұмысына бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы қаралған нысандағы жұмыстармен танысқан қала әкімі қанағаттанарлық деп баға берді.

Нысан толықтай соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен жабдықталып, заман талабына сай жаңғыртылып жатыр. Құрылыс барасында қала әкімі ғимарат маңында автотұрақ мәселесін шешуді тапсырды. Қажет болған жағдайда қос қабатты ашық автотұрақ салуға болатынын айтты.

Жалпы қалалық перзентханада жыл сайын тоғыз мың нәресте дүниеге келеді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнда жылына 10 мың ананың босануына мүмкіндік жасалатын болады, - дейді перзентхананың бас дәрігері Мәдина Кенжебаева.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Президент: «Соңғы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе өсті»
  • Мемлекет басшысы: «Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер