Әкім госпиталь құрылысымен танысты

Screenshot_16.jpg

Шаһарда 200 орындық аурухана салынып жатыр. Онда коронавирус індетін жұқтырғандар емделеді деп отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов госпитальдың құрылысымен танысып қайтты. 

Бұл аурухананың құрылысына 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған. Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық болып табылады.

Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде кедергі болмауын жауаптыларға жүктеді. 

Арнайы аурухана стационар, жан сақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Және онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай салынады. Себебі дәрігер мамандардың жұқпалы аурулары бар пациентпен қарым-қатынаста болғандықтан сақтық шаралары үшін жасалған іс. Індетпен күрес жұмыстары мен емдік шараларына арнайы мамандар іріктеліп алынады.

Бұл ретте уақытша аурухананың жабдықталуы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы белгіленген нормативтерге толық сай болады. Мұндағы бүкіл ұйымдастыру жұмыстарын Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы үйлестіретін болады. Аталған госпитальдің қала аумағында салынуы инфекциялық аурулардың алдын алуды жақсартатын болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Президент: «Соңғы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе өсті»
  • Мемлекет басшысы: «Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер