Әкім қашықтықтан жиналыс жасап, тапсырма берді

Screenshot_10.jpg

Төтенше жағдай жарияланып, жұмыс орындары тоқтағанымен зейнетақы, жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер уақытылы түсіп тұр. Осы себепті қаладағы банк бөлімшелерінің алдында ұзын-сонар кезек күн сайын орын алуда.

Бүгінде Шымкентте 300 мыңнан астам азамат мемлекет тарапынан берілетін түрлі төлемдерді (зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлем және т.б.) алады. Аталған төлемдер түскенде қаладағы банкоматтар алдында үнемі ұзын-сонар кезек қалыптасады. Бұл жағдай індеттің таралуына өте ыңғайлы. Сондықтан қаладағы базарлар мен сауда орындары, дүкендер мен дәріханаларда посттерминал орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның қауіпсіздік мақсатта қолға алынғанын ұғындыру, еріктілер көмегімен банкоматтар алдында кезекте тұрғандарға банктік картаға өту бойынша кеңестер беруді ұйымдастыру аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларына тапсырылды. Және тұрғындар арасында қолма-қол ақшасыз карта көмегімен есеп айырысудың пайдалы әрі қауіпсіз екендігін түсіндіру жауаптыларға міндеттеліп, қала шетінде орналасқан тұрын алаптарға интернет желісін тарту немесе телефон арқылы төлем жасау тетігін қарастыру жайы жан-жақты сөз болды.

Сонымен қатар, карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды.

Аудандарда жүріп жатқан залалсыздандыру және мобильді топтардың атқарған жұмыстары сараланып, жауаптыларға түсіндіру жұмыстарын ширату жүктелді.

Жиынды қорытындылаған қала М.Әйтенов күн сайын таңғы 09.00-де басшылардың қатысуымен қашықтықтан өтетін жиында атқарылған жұмыстар талданып, кешкі 20.00-дегі қорытынды жиында ертең атқарылатын жұмыстар қаралатынын жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер