Үшінші үшем дүниеге келді

Screenshot_11.jpg

Шымкент қаласында үшемдер дүниеге келді. Олар 16 наурыз күні Шымкент қалалық перинаталдық орталықта жарық дүние есігін ашып, ата-анасына қуаныш сыйлады. Айта кетейік бұл биылғы жылдың үшінші үшемі. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Олардың айтуынша, осы тұрғыда дәрігрлердің еңбегі зор. Себебі, уақытынан бұрын толғағы келген әйелді аман-есен балаларымен қосып босандырған. Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мерзімінен бұрын туған үшемді аман алып қалған. Өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелердің үшеуі бірдей дүниеге келе сала жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жансақтау бөлімінде жатқан үшемнің беті бері қарап, бір айға жуық арнайы күтім жасайтын бөлімшеде дәрігерлердің бақылауында болған. Айы-күні толмай туған сәбилердің салмағы небәрі 1,5 келідей ғана болған (1350 грамм, 1790 грамм және 1910 грамм). Қалалық перинаталдық орталықта күтілген нәрестелер осы уақыт ішінде салмақ қосып, жағдайлары жақсарды. Төртінші рет ана атанған 34 жастағы Арайлым Сембиеваның жақындары сәбилерге Медина, Алина және Ясина деген есім беріп отыр. Қазіргі таңда ана мен балалардың жағдайы бір қалыпты. Бұйыртса, үшемдер мен анасы 7 сәуір күні перзентханадан шығарылмақ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер