Күнделікті дезинфекциялық режимге көшірілді

Screenshot_1.jpg

Қалада тұрғындардың көшеде маскасыз жүруіне тыйым салынған. Және көпқабатты тұрғын үйлер дезинфекцияланып, сақтық шаралары күшейді. 

Бүгінде халықтың көпшілігі үйде болғандықтан балаларын сергіту үшін есік алдына шығып таза ауа жұтып, серуендейтіні жасырын емес. Осы орайда адам көп шоғырланатын орындарда әр түрлі адам келетіні анық. Бұл тұрғындар үшін аса қауіпті. Себебі, вирустың таралуы өте тез. Сондықтан Шымкент қаласында халық шоғарланатын жерлер залалсыздандырылып, шектеу күшейтілді

Шымкенттегі көшелер мен орталық алаңдар, балалардың ойын алаңшалары, сауда алаңдарының аумақтары, көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аулалар күнделікті дезинфекциялық режимге көшірілген. 

Әл-Фараби ауданы аумағындағы "Отырар" шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Еске сала кетсек, кеше аталған аудан аумағында залалсыздандыру жұмыстары А.Байтұрсынов, К.Тоқаев, Ғ.Иляев, Тәуке хан, Түркістан, Т.Әлімқұлов, Т.Орынбаев, І.Есенберлин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жасалды.

Бұл жұмысты су бүркитін автокөлік және арнайы киім киген жаяу жүргінші топ атқарып жатыр. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады. Жоспар бойынша мамандар осы дезинфекция жұмыстарын бөліп атқаруда. Осылайша қаланың барлық аумағын күн сайын қамтымақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды
  • В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер