Электронды төлем жүйесін меңгеруге ұмтылуымыз керек

Screenshot_16.jpg

Онлайн төлем - жаман індеттен сақтанудың тиімді жолы. Қазіргі таңда қала тұрғындары қолма-қол ақшамен төлем жасауды тоқтатып, электронды төлемге бет бұруда. «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Жұмағали Білісбеков те өз пікірін білдірді.

- Мамандар электронды төлем жасаудың дамуы көлеңкелі бизнеспен күрестің бір жолы деп санайды. Әрі бұл қаржы айналымының көлемін анықтауға және ел азаматтарының салық төлеуін қадағалауға мүмкіндік береді. Шыны керек, қазір ешкім кезекте тұрып, қолма-қол ақшамен есеп айырысқысы келмейді. Несие картасымен барынша тез интернет арқылы транзакцияны жүзеге асыруға бейім. Сондықтан, заманның ағымынан қалмай, электронды төлем жүйесін меңгеруге ұмтылуымыз керек. Төлемнің тез әрі қауіпсіз орындалғаны бәрімізге тиімді.

Шымкенттегі сауда орындарының басшылығы да бұл бастаманы барынша қолдап, қиын шақта қолдау білдіруі тиіс. Қаржы ұйымдарының мамандары халыққа жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді. Жаман індеттен сақтанудың бір тиімді жолы осы деп санаймын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер