Баршагүл Исабек: «Басты мақсат - қауіптің алдын алу»

Screenshot_5.jpg

Баршагүл Исабек ОҚМПУ-дың бірінші проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты қолма-қол төлемнің азайып, онлайн төлемге басымдық бергеннің оң шешім екенін айтып, қолдап отыр.

- Кезекті күтіп, қолма-қол ақшамен төлеу коронавирус індеті асқынған шақта өте қауіпті. Шымкенттегі банктер қаржы операцияларын кассасыз, терминалдар арқылы жүргізуге көмектесетін мамандардың санын ұлғайтып жатыр екен. Олар төлемді онлайн жасауға көместесіп қана қоймай, банктің өзге де онлайн қызметтері туралы қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өзім мұны қолдаймын.

Қазіргі таңда үйде отырып коммуналдық қызмет ақысын төлеу, банктегі есепшоттарды басқару көп адамдарға күнделікті шаруаның бірі іспетті. Тіпті сауданы да қазір телефон арқылы жасап жатқандар аз емес. Коронавирустің қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін екенін әлемдік сарапшылар айтып жатыр.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус қағаз беттерінде және пластиктерде біраз уақытқа дейін қала береді. COVID-19 вирусы қағаздарда 3-4 күнге дейін, ал пластиктерде 9 күнге дейін сақталады екен. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, қауіптің алдын алып, қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Сондықтан, онлайн төлем жүргізуге барынша басымдық бергеніміз абзал.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер