Мұхтархан Ділдәбеков: «Төлемнің тез әрі қауіпсіз орындалғаны бәрімізге тиімді»

Screenshot_4.jpg

Мұхтархан Ділдәбеков Олимпиада ойындарының әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, Парасат орденінің иегері, ҚРЕЕСШ, облыстық спорт мектебінің басшысы қатерлі вирустан сақтану жолында қолма-қол төлемді қолдайтынын білдірді.

- Әлемді шарпып, адамзатты әбігер еткен коронавирусқа тосқауыл ретінде түрлі амал-тәсілдер қолданылуда. Сандаған шектеулер енгізіліп, сақтық шаралары қатаң жүргізілуде. Дегенмен, ауруды алдын алудың жолдарын әлі де қарастыру керек тұста жергілікті әкімдіктің кешегі "онлайн төлемдер" хабарламасы дұрыс әрі қажет кезде қабылданған шешім.

Қолдан қолға өтіп, бір орында тұрмайтын ақшаның кімдердің қолынан өткенін білмейміз. Сондықтан, әкімдіктің осы бір маңызды шешімін қолдай отырып, ел-жұртты "онлайн" қызметіне көшуге шақырамын.

Шымкентте сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен жүргізетінін кеше естігенде, іштей қуандым. Оның тиімді тұстары да бар. Сондықтан да айтарым, бұл жүйеге үрке қараудың қажеті жоқ. Цифрландыру заманында бұл нағыз керек жүйе деп есептеймін.

Шымкент қаласы әкімдігінің бұл бастамасын қолдаймын. Халықтың қамы үшін жасалып жатқан дүние ғой. Қолма-қол төлем жасағаннан гөрі карточкамен есептескен әлде қайда жылдам, әрі ыңғайлы. Бір жағы артық ақша шықпайды, жоғалмайды. Сондықтан барлығымыз осы карточкамен төлем жүйесіне қолдау білдірейік.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер