Қолма-қол ақшаны электронды төлем арқылы алмастыру қазіргі кезде дұрыс шешім.

Screenshot_3.jpg

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Еркін Сатқанбаев қазіргі таңда ақша арқылы вирус тарайтынын халыққа түсіндіріп сақтыққа шақырды.

- Қазіргі кездегі әлемді шарпыған індеттің беті алысы күннен-күнге өршіп, адамдарды қыспаққа алуда. Дәл осы сәтте одан қорғанудың барлық түрін қолдануға тура келіп түр. Вирустың адамнан адамға жұғуынан бөлек, күнделікті қолма-қол ақшадан да жұғатынын айтуда. Иә, ақшаның қаншама адамның қолынан өткені, бір құдайға аян. Сондықтан, қолма-қол ақшаны электронды төлем арқылы алмастыру қазіргі кезде дұрыс шешім. Сонымен қатар ыңғайлы төлем. Бұл күнделікті бет-перде мен антисептикпен қорғанғанымыздай, қауіпсізік шараларының бір түріне жатады.

Қазіргідей күрделі кезеңде әрбір қаржы операциясының онлайн режимде жасалғаны кез келген ел үшін де тиімді. Бұл өз кезегінде короновирусты таратпаудың алдын алу үшін қажет. Қолма-қол ақшасыз төлем жасауға қала әкімдігі мен шаһардағы банк бөлімшелері де үлкен қолдау жасап жатыр. Қаланың әр аумағында арнайы картомат орнатып жатқандары бар. Сонымен қатар, «ҚазПошта» АҚ жасы 65-тен асқандар мен мүгедек азаматтарға зейнетақысын үйіне жеткізіп беру қызметін ұсынуда. Базарлар мен дүкендер және сауда орындарының төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуін өз басым қолдаймын. Ең бастысы, бәрімізге елдің амандығы керек. Кәсіпкерлер мен сауда нысандарының иелері де бұған түсіністікпен әрі жанашырлықпен қарауы тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер