Бізге ең қажетті нәрсе тәртіпке бағыну

Screenshot_16.jpg

Күні бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" деген мақаласы жарияланып, халықты сабыр мен бірлікке шақырған аталы әңгіме айтылды. Қазақстанның құрметті журналисі Асхан Майлыбаева, аталған мақаланы оқып, соның өзінен күш алуға шақырды.

«Әдетте жұрт көңілі алаң осындай кезде ел ішінде үрей таратып, байбалам салушылар өз мүддесіне пайдалануға тырысады. Мен халықты әртүрлі сондай азғырынды, арзан әңгімелерге еруден сақ болуға шақырамын. Шынымен көптің қамын көздейтін адам айғайшыл күшімен емес, игілікті ісімен қызмет еткені дұрыс. Ғайбат пен байбалам орнына ғылым-біліммен шұғылданған абзал" делінген Елбасы мақаласында.

Қазір біздің еліміз ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы қиын кезеңді бастан кешіп отырғаны белгілі. Жер бетін жайлаған жаман індет халықтың ерік-жігері мен өзіне деген сеніміне, бірлігі мен төзімділігіне сын болып тұрған сыңайлы. Дәл осындай ауыртпашылық артылған кезде бізге ең қажетті нәрсе тәртіпке бағыну, қойылып отырған талапты қалтқысыз орындап, үйде отыру екені күнделікті айтылып жатыр. Алайда осы қарапайым қағиданы құлаққа ілудің орнына бұра тартып, түрлі қисық, қисынсыз әңгімеге жел беретіндер де табылуда.

Ия, бізге берілген уақытты берекесіз тірлік пен бос сөзге емес, байыпты, жанға байлық беретін дүниелерге арнағанымыз абзал емес пе!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер