Сайлаукүл Барахова халықты сабырға шақырды

Screenshot_15.jpg

Білім саласына еңбегі сіңген , «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған Сайлаукүл Барахова байбалам салуға негіз жоқ екенін айтып, елді бірлікке шақырды.

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің иығына ауыр салмақ, көңіліне күпті ой салған, әлемді дүрліктірген коронавирус індетін жеңуге халықты жігерлендірген мақаласын жария етті. Мақаланың "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" деген тақырыбының өзінен-ақ қиындықтан алып шығатын күшті меңзеп тұр.

"Кез-келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бастайды. Ал бұл ғылым мен технологияны дамытуға, сергек өмір салтын қалыптастыруға алып келеді. Бүгінде еңбекті ұйымдастырудың креативті әдістері, тіпті жаңа кәсіп түрлері шыға бастады. Қазір адамдар біртіндеп қағазбастылықтан арылып, қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Осының бәрі бір кезде алдын-ала жоспарланып, кеңінен ойластырылған шаралардың арқасында ғана мүмкін болып отыр" делінген мақалада.

Ия, қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың тиімді әдісі – қашықтан жұмыс істеу тәсіліне барлық сала жұдырықтай жұмылып кірісіп кетті. Білім саласы түгел қашықтан оқыту жүйесіне көшіп, сабақ өз жүйесімен жүруде. Халыққа қызмет көрсету мекемелері де толығымен осы тәсілмен жұмыс істеп жатыр.

Алаңдауға да, байбалам салуға да ешбір негіз жоқ. Үкімет халықтың әлсіз топтары мен көмекке зәру азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуде.

Ата-әжелеріміз "Бұдан да қиын кезде тойға барғанбыз" деп айтып отырушы еді. Біз талай нәубет пен зұлматты бастан кешкен халықпыз. Сонда да сынбағанбыз. Сондай тар жол, тайғақ кешулерде де ерік-жігерімізді, жақсы күнге деген сенімімізді жоғалтпаған, бірлігімізбен биіктеген халықпыз.

Ендеше уақытша бұл қиындықтың құрығынан да сабырлық сақтап, төзіммен үйде пайдалы іспен айналысып шығатын күн алыс болмас. Елбасының үндеп отырған ойы да осыған саяды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер