Қала бюджеті қайта қаралды

Screenshot_4.jpg

Елдегі төтенше жағдайға байланысты барлық жиындар қазір онлайн режимге көшкені мәлім. Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 63-ші  сессиясында да депутаттар қашықтықта «бас қосты». Онлайн режимде өткен сессияда қала бюджеті нақтыланды. Оның көлемі 356,2 миллиардтан 413,0 миллиард теңгеге ұлғайды. Өсім 57,7 миллиард теңгені құрады.

Төтенше жағдай кезінде елде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында халық қалаулылары  қала бюджеті қайта қарауға шешім қабылдаған. Қаржылар бірінші кезекте отандық тауар өндірушілерді қолдауға, халықты жұмыспен қамтуға бағытталады. Осындай 224 жобаны жүзеге асыруға 42 миллиард  теңге бөлінді. Іске асса 8 мың 500 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. «Қаржылардың  70 пайызы облигация ретінде  қолданылады.  Облигацияларды шығаруға 18.6 миллиард  теңге жұмсалады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 35 үйдің құрылысына облигация- 25 миллиард  теңге көлемінде қарастырылды»-, дейді  Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары  Ербол Садыр.

Қазіргі төтенше жағдай ескеріліп, жұмыспен қамту жол картасына осыған дейін бөлінген қаржы көлемі қайта қаралды. Қаржы маңызды жобаларды жұзеге асыруға бағытталады. 4,9 миллиард  теңге Көмеш бұлақтағы 3-ші Газ тарату стансасының құрылысына бөлінеді. Әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көлік бағыттары 2 миллиард теңгеге субсидияланатын болды.

«Тұран» шағынауданындағы магистральды су құбырының құрылысына 1,5 миллиард теңге бөлінді. Депутаттардың назарына ұсынылған жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін реттеу туралы шешімге өзгерістер енгізу мәселесі еш талқылаусыз қабылданды.

Кей депутаттар қашықтықтан қатысқан онлайн сессияда азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру, мемлекеттік -жекешелік әіріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді қабылдау мәселелері бойынша шешім қабылданды.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер