18055 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілді

Screenshot_6.jpg

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 20445 отбасы құжат тапсырған. Оның ішінде 16208 отбасы шартты, 4237 отбасы шартсыз ақшалай көмекке өтінім білдірген.

Нәтижесінде 14 172 отбасыға шартты, 3883 отбасыға шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. 2390 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мамандардың айтуынша бірінші тоқсанда бас тартылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмекке жаңадан өтініш білдіретіндер ендігі кезекте Egov.kz порталы арқылы өтініш бере алады. Ал бірінші тоқсанда көмек алған отбасыларға екінші тоқсанда (сәуір, мамыр, маусым) пролонгация, яғни ұзарту тәртібімен тағайындалады. Егер отбасы құрамы өзгермеген болса, онда орталық мамандары қайта есептеу жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде енгізілген төтенше жағдайға және Шымкент қаласының карантинге жабылуына байланысты халықты жұмыспен қамту орталығы 26 наурыздан бастап өз қызметін қашықтан көрсетуге көшкен. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде жәрдемақы алу жеңілдеп, табысынан уақытша айырылған кәсіпкерлер мен жұмысшыларға да көмек берілуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер