Қорда 750 мың бетперде бар

Screenshot_13.jpg

Үшінші мегаполисте салынып жатқан жаңа жұқпалы аурулар ауруханасының құны- 3,8 миллиард теңгені құрайды. Ол қаладағы «Асар» шағынауданында бой көтереді. Бүгінде жаңа аурухананың құрылысы басталып та кеткен. Онда 200 науқас ем алып, 400 дәрігер жұмыс жасамақ. Ақ халаттылардың тізімі де белгілі екен. Олар қазір біліктіліктерін арттыру үстінде. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты. 

Айта кетейік, қазір шымкенттік дәрігерлер қонақүйден қатынап жұмыс істеп жүр. Қаламыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында көрінбейтін жаумен күресіп жүрген ақ халаттылар үйіне қайтпайды. Себебі, қатерлі дерттің оларға да жұғып кету қауіпі бар. Сондықтан да олар қонақүйге қатынап жұмыс істеп жүр. Еске сала кетейік, бұған дейін 120 медициналық қызметкердің инфекция жұқтырғаны белгілі болған еді. Оның бірінің жағдайы мүшкіл.

Төтенше жағдай кезінде тығырықтан жол таба білген Шымкентте осы уақытқа дейін 667 мың көпреттік бетперде тігіліп сатылған. Ал, қорда тағы 750 мыңы бар екен. Сондай- ақ, қалада  дәрі қоры да  жеткілікті. Тұтқиылдан төнген індет кезінде тағы 1 600 қорғаныс киімі пайдаланылған. Бүгінде қосымша 3000 қорғаныс киімі тігілу үстінде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер