Талаптардың орындалуын қадағалады

Screenshot_14.jpg

Төртінші сәуірден бастап Шымкент қаласы карантинге жабылғаны мәлім. Сақтық шарасы ретінде шаһарда бірқатар шектеулер енгізілген болатын.  Төтенше жағдай кезінде қалада азық-түлік базарлары мен дүкендер жұмысын жалғастыруда. Басшылардың айтуынша азық-түлік қоры жеткілікті. 

Осы орайда «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы коронавирусқа қарсы күресті күшейту үшін енгізілген шектеу шараларының сақталуын бақылау жүргізу мақсатында Шымкенттегі бірқатар блок-бекеттер мен базарларда бақылау жұмыстарын жүргізді.

Партиялықтар қаладағы  Қапал батыр көшесінде орналасқан блок-бекетте көлік жүргізушілерінің қаншалықты карантин талаптарын орындап жатқанын бақылап көрді. Карантин талаптары орындамаған көп жүргізушілер кері үйіне қайтарылды. 

Сонымен қатар халық жиі тұтынатын тауарлардың бағасының тұрақтылығына талдау жүргізілді. Партиялықтар баға өсімі жоқ дейді. Сондай-ақ барлық дүкендер мен сауда орындары тұрғындарды бетпердемен және дене қызуын өлшеп кіргізуде. Барлық санитарлық талаптар сақталуда. 

Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес, барлық базарлар мен азық-түлік дүкендері 10.00-21.00 аралығында жұмыс істеу керек екендігін ескертті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер