Төтеншеліктер онлайн сабақ өткізді

Screenshot_15.jpg

Карантиннің кезінде оқушылар қашықтықтан білім алып, жұмысы тоқтаған тұрғандар үйлерінде отыр. Сол себепті төтенше жағдайды болдырмау үшін сала жауаптылары түсіндірме жұмыстарын онлайн форматында өткізіп жатыр.  Әл-Фараби ауданына жауапты төтеншеліктер осы аймаққа қарасты білім бөлімінің мамандарымен скайп арқылы жиын өткізді.

Әл - Фараби ауданына қарасты мемлекеттік және жекенің меншігіндегі барлық мектеп пен балабақша басшылары онлайнға шығып, желіде бас біріктірді. Директор лауазымындағы жауаптыларды бір толқынға тоғыстырған төтеншеліктер ауа-райының құбылмалығын алға тартты. Улы газдан улануды болдырмаудың алғышарттарын қарамағындағы ұстаздарға тапсыруын өтініп, ата-аналарға жеткізуін сұрады. Сақтық шараларын ұстанудың маңыздылығын жеткізуге шақырды.

Қашанда ел тұтастығын құраушы адам өмірі мен оның денсаулығы басты назарда екені белгілі. Сол себепті қарапайым халық пен оның әрбір мүшесі өз өмірінің қауіпсіздігін басты назарда ұстауы міндет. Төтеншеліктердің де көздегені осы. Ауа-райы құбылғанда жылыту пештерін қосқан азаматтардың қарапайым талап мен тәртіпті сақтауын қадағалау. Түсіндірме жұмыстарын мүмкіндігінше жүйелі жүргізіп отыру.

«Негізгі мақсатымыз білім беру мекемлеріндегі төтенше жағдайларға дайыдығын және төтенше жағдай орын алған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керек  және оның алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.  Онлайн сабаққа Әл-Фараби ауданында орналасқан  35-тен аса  мектеп пен  45-тен аса бала бақшалар қосылды. Онлайн сабақта қатысушылар  карантинге қатысты сұрақтарын қойды», - дейді Әл-Фараби аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Нұрдәулет Ерғали. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер