Ерікті сарбаздар көбеюде

Screenshot_16.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі ұсынысынан  кейін Шымкентте ерікті түрде әскери қызметке келушілердің қатары артуда. Үшінші мегаполисте  төтенше жағдай кезінде әскер сапында, ел үшін тер төгуге бел буғандардың қарасы қалыңдап отыр. Еріктілер қалалық әскери комиссиариятқа барып тіркеліп жатыр. Шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімін жергілікті атқарушы орган анықтайтын болады. 

Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша әскери қызметке келушілердің ішінен әзірге 100 азаматты қабылдайды. Олар  дезинфекциялық жұмыстар мен  блокпосттарда потрульдік қызмет атқарады. 

«Жалпы Шымкент қаласынан тартылатын жастардың саны 100 жуық деп жоспарлап отырмыз. 35 жасқа дейінгі азаматтарды тіркеуге алып жатырмыз»,- дейді Шымкент қаласы қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ринат Мадияров.

Қиын-қыстау кезеңде халықтың қауіпсіздігі үшін қызмет етуге бел буған еріктілердің бірі қала тұрғыны  Марлен Әбіл. 21 жасар азамат 2018 жылы Алматы қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде отан алдында борышын өтеген. Енді ел басына күн туғанда тағыда сарбаздар сапынан табылмақ.

 «Шақыру естіп осы военкоматқа келіп елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қызмет етуге келіп отырмын. Бұл әр жігіттің отан алдындағы борышы деп білем. Тексеруден өттім алдағы уақытта елімізге қызмет етуге дайынмын»,- дейді Марлен. .

Еріктілердің денсаулығын  әскери медициналық комиссия тексереді. Одан өткесін сарбаздар мен сардарлар қаладағы әскери бөлімдерге жолданады.   Олар төтенше жағдай уақыты біткенше әскер қатарында болады. Жұмысы бар еріктілердің айлық жалақысы сақталады. Жұмыссыздарына айына 42500 теңге төленеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер