Туннель жасап шығарды

Screenshot_13.jpg

Коронавируспен күресуге шымкенттік жазасын өтеушілер де үлес қосуда. Олар темір тордың арғы жағында болса да елге пайдасын тигізу үшін залалсыздандыру туннелін жасап шығарды. Осылайша олар мекемеге келіп-кететін жандардан инфекция жұқтыру қауіпін сейілтпек.

Үйшік тәріздес тюнелге кірген кезде адамға автоматты түрде антисептик себіледі. Антисептик киім мен адамның шашына себіледі. Ал, одан мекемеге келіп кеткен мамандардың барлығы өтуі міндет. Осылайша келушілер мекемеге «тазарып» кіреді. Айта кетейік, дәл осындай құрылғыны өрт сөндіру қызметкерлері де жасаған болатын.

Шымкенттегі №31 тәртіп түзеу мекемесінің қызметкерлері енді жұмысқа келіп-кеткен сайын осы туннельден өтеді. Себебі сырттан келген олардың іштегі жазасын өтеушілерге инфекция жұқтыруы мүмкін. Осыдан қауіптенген темір тордағылар залалсыздандыру құралын жасап шығарыпты.

Түрмедегі жазасын өтеушілер бұған дейін көпреттік бетперде тігіп індеттің алдын алуға үлесін қосқан еді. Енді міне инфекциядан қорғанудың жаңа тәсілін жүзеге асырды. Әзірге бір құрылғы ғана дайын. Тапсырыс келсе, жазасын өтеушілер бастаманы кәсіпке айналдырмақ әрі вирустың өршіп кетуінің алдын-алмақ. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер