Электронды саудаға үйренісе бастады

Screenshot_14.jpg

Шымкент қаласында қауіпті індеттің алдын-алу мақсатында қолма-қол төлменің орнына электронды есеп айырысу жүйесі енгізілген болатын. Жаңа талаптың ене қойғанына көп уақыт өте қоймаса да қала тұрғындары электронды сауда түріне үйрене бастаған секілді. Тұрғындар бірте-бірте пост терминалдар мен банк қосымшалары арқылы есеп айырысуға бет бұрған.

Төлем жасаудың бұл түрі әсіресе карантин кезінде ыңғайлы әрі қауіпсіз болып тұр дейді мамандар. Ал цифрлық жүйеде сауда жасауға жағдай жасамаған кәсіпкерлерге шара көріледі дейді мамандар.

Қолдан-қолға өтіп, айналымда жүретін ақша қауіпті індеттің дендеп кетуіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан да қолма-қол төлем жасау бірінші кезекте — өз қауіпсіздігіміз. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерден түсетін салық көлемін арттыруда мемлекет үшінде тиімді болып отырғаны жасырын емес. Сондықтан да көлеңкелі бизнеспен күреске жұмылдырылған жауаптылар кәсіпкерлерді осынау төлем түріне өтуге міндеттеуге көшкен.

 «Көп кәсіпкерлер табыстарын жасырады, сондықтан да төлем жасаудың бұл түрі көлеңкелі бизнесті ауыздықтау үшін де қажет. Біз қазір осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырмыз»,-  Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Шырақбаева. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер