Пошта қызметіне үйде отырып жүгінуге болады

Screenshot_15.jpg

Төтенше жағдай кезеніде «Қазпошта» АҚ -ның жергілікті жерлердегі байланыс бөлімшелері жұмысын тоқтатқан жоқ. «Қазпошта» АҚ-ның  Шымкент қаласында 35 бөлімшесі қызмет көрсетуде.

Карантин кезінде қашықтықтағы қызметтерді кеңінен қолданыңыздар деген талаптар айтылса да, әлеуметтік төлемдерді қолма қол алуға байланыс бөлімшелеріне келетіндер баршылық. Олардың көбі зейнеткерлер. «Азат» шағынауданының тұрғыны Айымкүл Мешітбаева ауырып қалған отағасының зейнетақысын алуға келіпті.

Шымкентте 30 мыңнан астам зейнеткер зейнетақысын «Қазпоштадан» алады. Соның үштен бірінде ғана банк карточкасы бар екен.  Қауіпті індеттің алдын-алу мақсатында қалада еріктілер мен мамандар зейнатақыны зейнеткердің үйлеріне жеткізіп беруде. Бүгінгі таңда тоғыз мың 270 зейнеткер, 80 жастан асқан бес мыңға жуық қариялардың әлеуметтік төлемдері үйлеріне жеткізілген. Өздері жайлы мәліметті дүрыс бермегендер сайттағы телефондар арқылы хабарласуына болады.

Шымкенттегі Қазыбек би көшесіндегі орталық байланыс бөлімшесі карантин кезінде сағат 9:00-18:00 аралығында үзіліссіз жұмыс істесе, қалған қала аумағындағы 34 байланыс бөлімшелері таңғы 9:00- ден 17:00- ге дейін қызмет көрсетеді. Еліміздегі бас санитардың қаулысы бойынша Түркістан облысындағы аудандардағы байланыс бөлімшелері сағат 10:00-16:00 аралығында жұмыс істейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер