Шымкент қаласындағы «Сайрам-су» өзенін кесіп өтетін көпірді қайта құру жұмыстары 2019 жылы басталған. Аяқталу мерзімі осы жылдың мамыр айына жоспарланған болатын.
Сайрам мен Төлеби аудандарын қосатын бұл көпір 2012 жылы 28 млн теңгеге күрделі жөнделіпті. Алайда биылғы судыңң көптігі мен жауын-шашынның жиі жаууы кеңестің көзі болған өткелдің бұзылуына алып келіпті. Ауыл тұрғындарының айтуынша, көпірден өтетін ауыр жүк көліктері де өз әсерін тигізген.
Облыстық маңызы бер өткелмен тәуілігіне 7-8 мың көлік өтеді. Одан қалса жаяу жүргіншілер де осы көпір арқылы ары-бері қатынайды.
Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Сайрам су өзені арқылы Ленгір тас жолы бойындағы көпірді қайта жаңарту жоспарланды. Осыған байланысты Сайрам су өзені арқылы өтетін көпірге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде көлік құралдарының қозғалысы 2019 жылдың 15 шілдесінен 1 желтоқсанына дейін шектелген
Елімізде енгізілген Төтенше жағдайға қарамастан мердігер компания қайта құру жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады. Көпір құрылысын «Корпорация Береке-А» ЖШС-і жүргізді.
Айта кетсек, 433,87 млн теңгеге жобаланған көпірдің құрылыс жұмыстарына өткен жылы 200 млн. теңге бөлінген. Биыл қалған бөлігі игеріліп, көпір ел игілігіне берілді.