" />
" /> Жүлделі жас таланттар байқауы- RG media - ақпараттық агенттігі

Жүлделі жас таланттар байқауы

Screenshot_18.jpg

Шымкенттегі дарынды жастардың өнерін дәріптеу, жас таланттарды өнерге баулу, олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың өткізу тәртібі мен шарттары:

Байқау 3(үш) номинация бойынша өтеді:

- эстрадалық вокал (7-15 жас)

- аспапта орындаушылар (7-15 жас)

- поэзия (10-17 жас)

Байқауға қатысушы өнерпаздардың ұлтына шектеу қойылмайды.

Байқаудың қойылатын негізгі талаптары:

"Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша қатысушылар эстрада жанрында 2 ән орындайды. Бірінші кезеңде міндетті түрде Шәмші Қалдаяқовтың әні болуы керек. Екінші кезеңде еркін тақырып. Ән жанды дауыста айтылуы қажет.

"Аспапта орындаушылар" номинациясы бойынша бірінші кезеңде қазақ композиторларының, екінші кезеңде еркін тақырыпта шығарма орындайды (домбыра, саксафон, қобыз, пианино, аккордеон, скрипка т.б).

"Поэзия" номинациясы бойынша бірінші кезеңде Әл-Фарибидің немесе Абай Құнанбаевтың бір өлеңін мәнерлеп оқу, екінші кезеңде еркін тақырыпта поэзиядан үзінді.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Әр номинация бойынша

"Бас жүлде" - 80 000 тг,

1 орын - 50 000 тг,

2 орын - 30 000 тг,

3 орын - 20 000 тг

Өнерпаздар талаптар мен шарттарға сай сапалы бейнежазбаны +7 747 295 80 65 Wats App нөміріне жолдауы тиіс. Сонымен қатар инстаграммнан @shymkent_madeniet_ baskarmasi әлеуметтік парақшасын және #Жырым сенсің, туған жер! хэштегін белгілеп сапалы бейнежазба салуы қажет.

Байқауға қатысатын үміткерлер бейнежазбаны 24 сәуірге дейін жолдауы тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Батырбек Көшербай жастарға жақсылық жасап, көпшіліктің алғысын алды
  • Батырбек Көшербай жастарға жақсылық жасап, көпшіліктің алғысын алды
  • Шымкентте жеңісті жақындатқандарға пәтер кілті тапсырылды
  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер