Мәдени іс-шаралар онлайн форматта

Screenshot_17.jpg

Бүгінде елімізде жарияланған төтенше жағдай қаладағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға соққы болып тиері анық. Сондай-ақ, өнерімен жан бағып жүрген мәдениет саласына залалын тигізбей қоймайды. Әлемді үрей құшағына алған коронавирус індетімен күреске тек дәрігерлер ғана емес, мәдениет саласының қызметкерлері де үлес қосуда. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен еліміздің өнер жұлдыздары карантин жағдайында онлайн концерт ұйымдастырып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. 

Эстрада жұлдыздарының халыққа онлайн концерт берудің жалғасы ретінде Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және  архивтер басқармасы  13-19 сәуір аралығында өтетін онлайн іс-шаралар тізімін жариялады . «13-19 сәуiр аралығында  жалпы 57 мәдени iс-шараны онлайн откізуді жоспарлап отырмыз. Осы орайда қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер  басқармасының әртістері күн сайын тікелей эфирде өнер көрсетеді», -  дейді басқарма басшысы Рашид Мыңбаев. Онда түрлі спектакльдер мен тарихи қойылымдар және байқау, көрме сынды шараларды онлайн өткізу жоспарланды. Тіпті ақиық ақындардың айтысында қашықтан үйде отырып тамашалауға болады. 

13-сәуір күні «Ұлттық өнер тәрбие көзі» атты онлайн көрме ұйымдастырылып, «Қазақтың ырым тыйымдары» онлайн сағаты бастау алады. Қаладағы драма, әзіл-сықақ театрлары қойылымын тамашалауға да мүмкіндік туады. Шымкент қаласындағы мәдени орындар тек іс-шаралармен ғана шектелмей, семинар, секцияларды да қашықтан өткізуді жоспарлап отыр. Ағылшын тілін меңгеру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау бойынша түрлі дәрістер оқылатын болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер