Дәрігерлер дән риза

Screenshot_15.jpg

Өз өмірі мен басын қатерге тіккен Шымкент қаласындағы 1290 медицицина қызметкері үстемақы алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлері берілген көмеккедән риза. Үстемақы алғандар реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел-жәрдем жүргізушілері.

– Өз атымнан және осы жердегі дәрігерлердің бәрінің атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс білдіремін. Қазір отбасымыздан жырақта жүріп, науқастарға қажетті ем-дом жасап, көмектесіп жатырмыз. Жергілікті басшылық тарапынан медицина мамандары арнайы жатақханамен қамтылған. Оған қоса еңбегімізді елеп, қаржылай қолдау білдіргені осындағы барлығымызды зор қуанышқа кенелтіп отыр, — дейді Ғ. Лесбекова.

Жалпы Оған сәйкес, медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 24 қызметкерге 8,7 млн теңге бөлінді. Екінші санаттағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен фельдшелерге, 845 медицина мамандарына 258,3 млн теңге бөлінді. Үшінші деңгейдегі қауіпсіздік жағдайында жұмыс істейтін 421 медицина ұйымының қызметкеріне 51,3 млн теңге бөлінді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер