6 213 пәтер пайдалануға беріледі

Screenshot_8.jpg

«Шымкент сити» шағынауданының жалпы ауданы 427 га, 12 орамға бөлінген. Соның ішінде, мемлекеттік қаржысы есебінен 24,5 га құрайтын 1-ші орамда жалпы құны 27 млрд.теңгеге 43 нысанның құрылысы жоспарланған.

Оның 39-ы көпқабатты тұрғын үй. 1200 орындық меткеп құрылыс бітіп тұр. Енді сол маңнан балабақша салынады. Қажетті инженерлік-инфрақұрылым тартылған. Өз алдына модульді жылыту қазандығы бар. Ол мекемелер мен тұрғын үйлерді жыл он екі ай ыстық сумен қамтиды. Бүгінгі таңда «Шымкент сити» алабындағы 25 нысан пайданауға берілген. 23 көпқабатты тұрғын үйдегі 1290 пәтер ел игілігінде.

Ағымдағы жылдың тамыз айында 1048 пәтерлі 16 кредиттік тұрғын үй мен 2 инженерлік инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілмек.

«Шымкент сити» шағын ауданда 4,3 млрд.теңгеге жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылысы биыл аяқталмақ.

Шымкент қаласында 2020 жылы барлық қаржы көздері есебінен 13 636 пәтерлі 252 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы ауданы 1 миллион шаршы метрді құрайды.

Оның ішінде, 78 тұрғын үй бюджет, 48 үй «Shymkent» ӘКК» АҚ және 126 үй жеке салушылар есебінен жүргізілуде.

Мемлекеттік инвестициялар есебінен 126 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланған. Ағымдағы жылы 107 көпқабатты тұрғын үй немесе 6 213 пәтер пайдалануға беріледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер