Құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Screenshot_5.jpg

Шымкентте карантинге қарамастан құрылыс жұмыстары тоқтамай, жалғасын табуда. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қаладағы құрылыс нысандарын аралады. Барған нысанның бірі 16 қабатты «Француз» стиліндегі 4 үй. Құрылысты «Отау Строй» компаниясы жүргізіп жатыр.

Бас инженер Абжат Акимовтың айтуынша, «360 пәтерлі тұрғын үй жұмыстарының негізгі бөліктері аяқталған. Қазір ішкі жөндеу және қас беттенін қаптау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысқа 3 миллиард 955 миллион теңге қаралған. Қала аумағында карантин жариялануына байланысты шеттен келіп жұмыс істейтін қызметкерлердің бірқатары келе алмай қалған.

Нысанды аралап көрген қала әкімі қажетті құрылыс материалдарын тасымалдаушы көліктерге қалада жүріп тұруына ешқандай кедергі болмау керектігін атап өтті. Оған қоса қажетті құрылыс заттарын сататын көтерме қоймаларға да мүмкіндік жасалғанына тоқталды. Құрылысшылармен сөйлескен Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерге тұрғын үйді, Қала күніне орай тапсыру керектігін ескертті.

Сонымен қатар, нарықтан 696 арендалық пәтерді сатып алынады. Құрылыс қарқынын бағамдап шыққан қала әкімі Мұра Әйтенов мердігерлерге билік тарапынан барлық мүмкіндік қарастырылғанын өз кезегінде компаниялар құрылысты сапалы әрі уақытылы тапсыру керектігін ескертті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер