Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов үшінші мегаполис тұрғындарына үндеу жолдады. Ол бүгінде қала хаолқының денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауап беріп отырған мамандар туралы айтып, оларға шексіз алғысын білдірді. «Қазір алдыңғы қатардағы - дәрігерлер, полицейлер және әскери қызметкерлер күшейтiлген режимде жұмыс істеуді жалғастыра береді. Біздің денсаулығымызды қорғай отырып, олар туыстарымен қарым-қатынастан айырылады.
Осындай сәтте балаңның көзiне қарап сөйлесудiң қаншалықты маңызды екенін түсінесің. Ештеңе туралы болмаса да, ең бастысы-жанында болып,оны көру. Ата-анамызбен өткізген әрбір сәт өте маңызды. Мен осы адамдарға шексіз ризамын және барлық қалалықтарды өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауға, карантин шарттарын бұзбауға шақырамын.
Олар біз үшін жұмыс істейді, сондықтан оларды қолдайық және олар үшін үйде қалайық. #Бізбiргемiз!», -деді әкім Мұрат Әйтенов.
Расымен де, бүгін де өзінің туған баласына жолай алмай отырған дәрігерлер бар. Қаншама күнін ауруханада өткізіп, өзі үшін де отбасы үшін де жауапкершілікті мойнына алып, үйіне қонбай жүргендер де бар.
Қазір елімізде төтенше жағдайға байланысты тәртіп басты орында. Осы тұрғыда карантин режимін дұрыс сақтау үшін әскери қызметкерлер де күн түн демей қызмет етуде.