Банк қызметтерді онлайн-режимге көшірді

Screenshot_8.jpg

Шымкенттік тұрғындарға мемлекет тағайындаған 42500 теңгені алуға өтініш беру үшін банктерге барудың қажеті жоқ. Қазір үйде отырып шот ашуға мүмкіндік қарастырылған. Тіпті шот бұғатталып қалса да жәрдемақыға арнайы шот аштыруға болады. Цифрлық жүйенің арқасында енді мобильді қосымша арқылы банктік картаға үйден тапсырыс беріп, оны кейін карантин біткен соң банктің кез келген бөлімшесінен барып алуға мүмкіндік бар.

Эпидемиялық жағдайға орай қабылданған карантиндік шара кезінде Шымкент қаласында халықтың бір жерге көп шоғырланбауы өте маңызды. Осы санитарлық талаптарды орындау мақсатында қаламыздағы екінші деңгейлі бірнеше банк бүкіл қызметтерді онлайн-режимге көшірді.

Қызметтердің барлығы онлайн жүйесінде көрсетіледі. Қазіргі уақытта қаладағы төрт қаржы институтының филиалдары «Kaspi bank», «Home credit Bank», «Халық банкі» және «Банк Центр Кредит» қызметтерін толықтай онлайн жүйеге көшірді.

Банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді. Төлем картасын қабылдайтын құрылғы орнатпаған нысандарға әкімшілік шара қолданылмақ.

Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Шымкенттегі банк бөлімшелерінде сақтық шаралары күшейтілген. Онда клиенттердің қауіпсіздігі үшір әрбір 1,5-2 метр сайын арнайы жолақтар сызылған. «Халық бан», "Kasрi bank", «Банк хоум кредит» пен "КазТрансГаз" АҚ төлем кассаларында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, мекеме қызметкерлері індеттен сақтану жолдарын келушілерге түсіндіруде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер