Шымкенттегі «Бекжан» базары маңындағы «Магнум» ірі сауда дүкендер желісінде Абай ауданы әкімдігі аталмыш супермаркеттен ай сайын азық-түлік есебінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 3 мыңдай отбасыға 32 мың дана бетпердені тегін таратты.
Мемлекеттік бюджет қаражатына ұйымдастырылған акция алдағы уақытта да жалғасады. Бұдан бөлек, Бәйдібек би даңғылы бойындағы «Nauryz park» сауда кешенінде Қаратау ауданы әкімдігі атаулы әлеуметтік көмек алатын 5 400 отбасыға тегін 5 дана бетпердеден үлестірді. Акция аясында 16 мың дана бетперде таратылды.
Еңбекші аудандық әкімдігі де аталмыш акцияға үлес қосты. "Теріскей" шағынауданындағы "Магнум" ірі сауда дүкенінде әлеуметтік көмек алушылар тізімінде тұрған 3114 тұрмысы төмен отбасының әрқайсысына бес-бесеуден жалпы саны 15 570 көп реттік бетперде таратты. Сондай-ақ игі шара Әл-Фараби ауданы әкімдігі тарапынан да ұйымдастырылды. Ескі қала аумағындағы "Магнум" сауда кешенінде осы дүкеннен әлеуметтік пакет ретінде ай сайын азық-түлік алатын 2537 жағдайы төмен отбасыға бесеуден тегін 12 685 бетперде берілді. Бұл көп реттік маскалар, сондықтан сабындап жуып, қайта қолдануға жарамды.
Жалпы, әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтарға жалпы саны 76 255 бетперде тегін таратылды.
Айта кету керек, Шымкенттегі бұл игі іс сақтық шаралары аяқталғанға дейін жалғаса бермек.