Миллионды қалаға миллион бетперде!

Screenshot_3.jpg

Елімізде таралған коронавирус індетінің салдарынан маска антисептик сынды денсаулық сақтау үшін қажетті дүниелер дефицитке айналуда. Осы тұста Шымкен қаласындағы кәсіпорындар, зауыттар қолдан келгенше маска тігіп, халыққа тиімді бағада сатуда. Сонымен қатар, біршама тегін де таратылды. Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан 1 миллион бетперде келіп жетті.

Игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетпердені тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын.Енді соның бестен бір бөлігі үшінші мегаполиске келіп жетті. 

Медициналық бетперделер халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға беріледі. Әр отбасыға 50 данадан үлестірілетін болады. Яғни, аталмыш көмекті қаладағы 20 мың отбасы ала алады. Медициналық бетпердені әр аудан әкімдігі еріктілермен бірге аталған отбасыларға жеткізіп бермек. Яғни аз қамтылған отбасылар маскамен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорынан 22 мыңға жуық шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер