17 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Screenshot_3.jpg

Жасыл қала Шымкенттің аграрлық саласы айтарлықтай дамып келеді. Өз алдына мегаполис  статусын  алған шаһарда соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласына салынып жатқан инвестиция көлемінің артуы қуантарлық жағдай. 

 Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков  қалада биылғы 2 айда ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 23,5 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,0% немесе 0,5 млн АҚШ долларына артқанын мәлімдеді. 2020 жылдың 2 айында мал шаруашылығы бойынша тірідей 839 бас ІҚМ, 380 бас уақ мал, өсімдік шаруашылығы бойынша 3449 тонна басты пияз, 522 тонна томат, 512 тонна қырыққабат (капуста), 135 тонна тұрып (редька), 40 тонна сәбіз, 13 558 тонна ұн, 20 764 тонна картоп және тағы да басқа  экспортталған.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, инвестиция және несиелендіру бойынша жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асырылады. Оның ішінде қарқынды алма бағы - 1, жылыжай салу - 4, тауарлы сүт фермасы - 2, ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу - 1, құс шаруашылығын кеңейту - 4, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу - 2, сүтті қайта өңдеуді кеңейту - 1, мал бордақылау алаңын салу және кондитерлік өнім өндіру.

Бұдан бөлек «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 260 млн теңгеге 6 жоба және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 723,5 млн теңгеге 23 жоба бойынша жеңілдетілген несие қарастырылды. Оның ішінде 102,3 млн теңге мемлекет тарапынан субсидияланған.

Аталған бағытты қолдауға республикалық және жергілікті бюджеттен 2 280,5 млн теңге, несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 500,0 млн теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге 164,3 миллион теңге бөлінген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер