Жомарттығын танытты

Screenshot_4.jpg

Елбасы, «Nur Оtan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуіне орай елімізде бастау алған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы қарқын алуда. Осындай қысыл-таяң сәтте халықтың мұң-мұқтажына ортақтасып, демеу беріп жатқан азаматтардың қатары артып келеді. Мұндай атымтай жомарт жандар шымкентте де жеткілікті. Республикалық акция  аясында  Шымкентте жәрдемге аса мұқтаж 1900-дан астам отбасыға санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылды. Игі іске «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері мен еріктілер атсалысты.

Акция аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймақтың директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 200 аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті. Сондай-ақ қаладағы 1 Мамыр көшесі 22/2 мекенжайы бойынша орналасқан Бейімдеу орталығанда 50 қандастар отбасына азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық заттар табысталды.

Сонымен қатар, еріктілер сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлікті 150 жағдайы нашар жетім балалардың отбасына жеткізді. Кәсіпкер мұнымен тоқтап қалмай қажет жағдайға елі, халқы үшін көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер