Көшелерге асфальт төселуде

Screenshot_9.jpg

Төтенше жағдай Шымкенттегі жол жөндеу жұмыстарына қолбайлау болмауы керек. Көшедегі көлік қозғалысының аздығы мен жұрттың жаппай үйде отырған сәтін тиімді пайдаланған жөн. Бүгін қала аумағында жүріп жатқан жол құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деп мәлімдеді.

«Қаланың орталығында тұрсақ та талайдан бері топырақ кешіп жүр едік. Енді міне көшемізге асфальт жол төселіп, су ағар арықтар орнатылып жатыр. Әсіресе бұл жағдайға балаларымыз қатты қуанды. Көшеміздің ажары кірді. Бұл үшін қала тұрғындарының атынан алғысымыз шексіз», деді қала әкімімен жүздескен «Самал-2» шағынауданындағы Сейітов көшесінің тұрғындары.

Қаладағы Гагарин көшесі мен Республика даңғылындағы жол құрылысы да қарқынды жүруде. Қалаға кіреберістегі орталық даңғыл бойындағы құрылысты аралаған қала басшысы мердігерлерге бірінші кезекте сапаға мән беруді тапсырды. Оған қоса карантин кезінде жұмысшылардың барлық сақтық шараларына мұқият болуды жүктеді.

«Самал» базарына барар жол бойының қос қапталындағы аяқжолдар мен суағар латоктардың арасында ашық жерлерді жасыл желекпен көмкеруді тапсырды. Жол құрылыс сапасын барлық талаптарға сай жүргізу үшін құрылыс басында күнделікті бақылаушылар сараптама жүргізіп жатыр. Оған қоса сол көше тұрғындарын тікелей құрылысты қадағалап тұруға шақырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Батырбек Көшербай жастарға жақсылық жасап, көпшіліктің алғысын алды
  • Батырбек Көшербай жастарға жақсылық жасап, көпшіліктің алғысын алды
  • Шымкентте жеңісті жақындатқандарға пәтер кілті тапсырылды
  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер