Ең үлкен автоматты газ-реттегіш салынуда

Screenshot_13.jpg

Шымкентте еліміздегі ең үлкен автоматты газ-реттегіш станса салынуда. Сағатына 250 мың текше мерт газ таратуға қауқарлы орталық биылғы күзде пайдалануға берілмек. Соңғы үлгідегі заманауи қондырғы миллионды қала тұрғындарын толықтай газандандыруға күші жетеді. Шымкент қаласындағы №3 автоматты газ-реттегіш стансасының құрылыс жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігерлермен жұмыс барысын пысықтап, сапаға мән беруді жүктеді.

Шымкенттегі №3 автоматты газ-реттегіш стансасы жоспар бойынша 2021 жылы пайдалануға берілуі керек. Дегенмен, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының пәрменімен құрылыс биылғы жылдың соңында ел игілігіне тапсырылатын болды.

Қала әкімдігінің жұмысты ұтымды үйлестіруінің арқасында қарапайым жұрт қана емес өндіріс те жүз пайыз көгілдір отынмен қамтылатын болады. 

Газ құбырының жалпы ұзындығы 58 шағырым. Оның 20 шақырымы «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбырынан автоматты газ реттегіш стансасына дейінгі аралықты қамтиды. Ол жерге сиымдылығы 426 диаметрлі жоғары қысымды газ құбыры тартылуда.

Үшінші автоматты газ реттегіш стансасынан екі бағытта құбыр желісі тартылады. Батыс құбыр желісінің ұзындығы 22 шақырым. Оның 16 шақырымы біткен. Шығыс бөлігі бойынша 16 шақырымның 12 шақырымы тартылған. 

Жобаның жалпы құны 9 миллиард теңгеден асады. Құрылыс негізі үш жылға жоспарланған екен. Мердігер компания нысанды биыл күзде ел игілігне беруді межелеп отыр.

Шымкент қаласы бойынша 81 шағынаудан мен тұрғын алап бар. Бүгінде оның 92%|-ы «көгілдір отымен» қамтылған. Қалаға кейіннен қосылған 9 шағынаудан мен тұрғын алапқа газ тарту бойынша қажетті сметалық құжаттар дайындалып, құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер