Бүгінгінің батыры

Screenshot_14.jpg

Елде жарияланған төтенше жағдай әсіресе тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау жолында еңбектеніп жүрген мамандарға  ауыр соққаны мәлім. Алайда олар өз міндетіне адал. Өз өмірлеріне қауіп төніп тұрса да ел үшін қызмет етіп жүргеннің жанның бірі  Шымкент қалалық полиция департаменті патрульдік полиция полкі 8-ротасының аға инспекторы Қазыбек Құттыбаев.  

1992 жылы дүниеге келген Қ.Жаңабайұлы 2015 жылдан бастап ішкі істер органдары жүйесінде еңбек етеді. Аға инспектор күнделікті сағат 07.00 мен 17.00 аралығында қаладағы N.Nazarbaev даңғылы мен С.Бәйтереков көшесі қиылысында көлік қозғалысын реттеп, бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізеді.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан аумағына төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілген тұста осалдық танытқанымыз бізге сын. Біз елге қызмет ету үшін ант қабылдадық. Ал берілген анттың үдесінен шығу баршамызға ортақ міндет, дейді полиция лейтенанты.

Карантин жарияланғалы отбасындағы ұл-қызын сирек көретінін жеткізген аға инспектор:

– Бұл уақытша қиындық. Біз бірлессек, бар қиындықты жеңіп шығамыз. Сондықтан қала тұрғындарынан карантин талаптарын сақтап, үйлерінде отыруын сұраймын, дейді Қазыбек Құттыбаев.

Бүгінде елде Қазыбек секілді қаншама мамандар халыққа қалтықсыз қызмет етіп келеді. Оларды бүгінгі күннің батырлары деп айтсақ артық емес шығар. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер