1144 отбасы арендалық баспанаға ие болады

Screenshot_1.jpg

Бүгінде мемлекеттің қолдауымен отбасыларға, жастарға арналған жалдамалы пәтерлер берілуде. Олардың бағасы қолжетімді әрі ыңғайлы. Осы орайда Шымкентте биыл жыл соңында отбасы арендалық баспанамен қамтылмақ. Бұл туралы Шымкент қалаласының әкімі Мұрат Әйтенов қашықтан мәжілісінде қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов айтты.

Құрылысы жүріп жатқан 78 көпқабатты тұрғын үйдің он тоғызы арендалық болса, 59-ы кредиттік үй. Аталған тұрғын үй құрылысына жалпы саны 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Құрылыс нысандары мерзімінде пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде, жыл соңында 1144 отбасы арендалық баспанамен қамтылады, деп атап өтті құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов.

Сонымен қатар, қаланың құрылысына кірген тұрғын үйлер бойынша «5-10-20» пилоттық жобасымен және «7-20-25» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Бұл пәтерлерге ие болу үшін алдымен құжат тапсырып кезекке тұрып, жарнасын құю керек. Аталмыш кредиттік үйлердің елу бірі пайдалануға берілмек. Бұл 3284 пәтер.

Демем, 2020 жылы бірқатар отбасы баспаналы болып қоныс тойын тойламақ. Қазір карантинге қарамастан қаланың құрылыс басқармасының басшысы бұл сәтте қол қуысырып отырмай, үшінші мегаполистің келбетін көркейтуді қолға алған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер