Құрылыс қарқыны қызуда

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың құрылыс жұмыстарына қатысты онлайн мәжіліс өткізді. Онда бүгінгі таңда қандай құрылыс жұмыстарының жүріп жатқаны талқыланды. 

Әкімнің жиналысында қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс қарқыны мен инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік төлемдермен карантин режімін қатаң сақтау жайы сөз болды. 2020 жылы қалалық құрылыс басқармасы арқылы 104 инвестициялық жобаның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 58 жоба, яғни 78-і тұрғын үй, 20-сы инженерлік инфрақұрылым, 13-і білім беру, 3-і абаттандыру, 2-і мәдениет, 3-і спорт, 3-і ауыл шаруашылығы, 1-і әкімшілік ғимарат және 1-і өрт сөндіру депосы.

Сонымен қатар, мегаполисте 8,5 млрд. теңгеге жалпы 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде. Себебі, Шымкентте халық та, оқушылар да көп. Үш ауысымды мектепті алдын-алу мақсатында қолған алынған мектепте уақытылы бітіру басты назарда. Жыл қорытындысымен 4500 орындық білім мекемесі пайдалануға беріледі. Қалған 6-ы келесі жылға өтпелі. Қазіргі таңда 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нысандардың құрылысына 358 жұмысшы тартылған. Сонымен қатар, олар қазіргі таңда карантинге қарамастан жұмыс істеп, қаланың келбетін көркейтуге барынша ат салысуда.

Онлайн мәжілісте қаралған негізгі мәселенің бірі әлеуметтік төлемдер жайы болды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер