Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Шымкент қалалық мемлекеттік архиві қашықтықтан әдістемелік көмек көрсетуді қолға алды. Архивист М.Мирзабаева жинақтау көзі тізіміндегі мекемелерге іс жүргізу мен архив ісіне жауапты мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында «Іс жүргізу мен архив ісі» тақырыбында қашықтықтан әдістемелік көмек көрсетуде.
Ол «ҚР энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесінің бас қатшысы Альбина Хайруллинаға мекемелердегі іс жүргізуді және архив жұмысын ендірудегі негізгі қағидалары 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №575 қаулысымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары», ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары», ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын» түсіндірді.
Сонымен қатар, нормативтік-құқықтық актілерімен, құжаттарды ведомстволық архивтердің қабылдауы, оның ережесі, сараптама жүргізу, тізімдеме түзу, тарихи анықтама құру, жою актісін жасау, құжаттарды пайдаланудың тәртібі туралы, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оның талаптарымен және де мекемедегі құжат айналымы, істерді қалыптастыру, рәсімдеу, істер номенклатурасын құру, сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, құжаттарды мекеменің ведомстволық архивіне өткізу тәртібі туралы жан-жақты түсіндірді.