Бүгінгінің қаһарманы

Screenshot_9.jpg

Қазіргі таңда індеттің ауыздықтап отырған бүгінгінің қаһармандарының бірі – дәрігерлер. Солардың бірі – Нұрдәулет Тұрғанбек. Ол биылғы ақпанда Шымкент қалалық №11 емханаға 4-категориялы фельдшер болып қабылданған Нұрдәулет бүгінде Шымкент қаласының сыртында орналасқан Еңбекші блок-бекетінде індеттің алдын алу бағытында тынымсыз жұмыс істеп жүрген медицина мамандарының бірі. Президент Қ.Тоқаевтың короновирус індетіне байланысты ел аумағында 16 наурыздан төтенше жағдай режимін енгізуі Нұрдәулеттің жұмысына деген жауапкершілігін екі есе арттырды.

21 жасар жас маман әлемді жайлаған мына вирусты ауыздықтаудың жалғыз жолы оқшаулану болғандықтан тұрғындардан үйлерінде болуын сұрайды.

«Азаматтар аса қажеттілік болмаса, сыртқа шығуын уақытша доғарса, індетті ертерек ауыздықтаймыз. Осы шақта тұрғындардың үйлерінде отырғаны жөн. Біздің басты мақсат – бекеттер арқылы қалаға кіріп-шығатын көліктердегі азаматтарды санитарлық нормаларға сай арнайы құрылғылар көмегімен тексеру. Вирус белгілері айқындалса, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, науқасқа шұғыл түрде көмек көрсету сынды міндеттер кіреді», - дейді фельдшер.  

Медицина сала мамандарының арқалайтын жүгі ауыр. Сырт көзге оңай болғанымен салмағы ауыр жауапкершілік арқалаған әскерилер мен медицина мамандары аянбай тер төгуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер