Жылыжайдағы көкөністер сатылымға шықты

Screenshot_5.jpg

Жылыжайдан жиналған көкөністер саудаға қойылды. Кәсіпкерлерге «Қазыбек» базарынан арнайы орын берілді. Мұндай шешім тікелейШымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың рұқсатымен қолдау алды. Өткен аптада жылыжай иелерімен кездесіп, өндірген өнімдерін сауда орындарына тікелей шығаруға келіскен болатын.

Қала әкімінің бастамасымен «Шарипов», «Ильяв», «Таза өнім», «Зәуре» және «Колесников» шаруа қожалықтары қызанақтың келісін 350 теңгеден, ал қиярды 250 теңгеден сатып жатыр.

Сонымен бірге мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында «Taza onim» шаруа қожалығы 9 гектар жерге жылыжай салып жатыр. Оның 3 гектары бітіп, шаруалар 370 тонна өнім алып үлгерген. Қожалық құрылтайшысы Арман Бахытұлының айтуынша, кешенде қиярдың «Тристан», «Танто», «Мева» сорттары егілген. Дихан енді өзі өндірген көкөністі жергілікті нарықта делдалсыз сатып жатыр.

Алдағы уақытта шаруалардың өнімдерін қаладағы ірі сауда орындарына да тікелей жеткізіп беру мәселесі де қарастырылуда. Бұл отандық өнімінің сатылу құнын реттеп, жергілікті халықтың көкөністі делдалсыз сатып алуына мүмкіндік берді, дейді шаруа.

Айта кетейік, Шымкентте жылыжай көлемі 183 гектарды құрайды. Оның 53 гектары – өнеркәсіптік. Қалада жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылып, 100 гектар аумаққа өнеркәсіптік кешен салынбақ. Жоба жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер