«Call орталыққа» міндет – халыққа қызмет

Screenshot_3.jpg

Қазіргі кезде төтенше жағдайдың әсерінен ел арасында жалған мәліметтер мен ақпараттар көбейіп кетті. Осы түсінбеушіліктің алдын-алу мақсатында Шымкенттегі «Call орталық» жұмысын бастаған болатын. Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беруге тырысады.

Орталық мамандары 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында қоңырау шалған 8 707 азаматқа жауап берсе, 9-19 сәуір аралығындағы 10 күнде тұрғындар қойған 13 253 сауалды тыңдап, нақты жауап берді. Арнайы мамандар қазіргі кезде халықтың жалған ақпараттарға сенбей, нақты әрі дұрыс мәлімет алуын басты назарға алып, қадағалап отыр.

Өз кезегінде орталықтың 39-50-55 нөміріне жалғанған көпканалды телефон тұтқасында отыратын сала мамандары әрбір азаматтың айтқан сауалына байланысты кәсіби көмек көрсетуде.

2020 жылғы 9-19 сәуір аралығында Шымкент қаласындағы «Сall орталыққа» түскен сауалдар:

• Кәсіпкерлік және қала ішіндегі қозғалыс туралы – 6 536;

• Коммуналдық мәселелер бойынша – 2 351;

• Әлеуметтік көмек жайлы – 2 310;

• Блок-бекеттер туралы – 1 173;

• Жолдардың жабылуы мен тасымалдау бойынша – 719;

• Денсаулық сақтауға қатысты – 119;

• Дезинфекциялау, қашықтан оқыту және т.б. мәселелер жайлы – 45.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер