Еселі еңбектің жемісін көрмек

Screenshot_11.jpg

Шымкент қаласының шаруалары үшін жемісті жыл болады деп күтілуде. Себебі, үшінші мегаполис әкімінің қолдауымен қаладағы жылыжайға басымдық беріледі. Алдағы бірер жылда қаламаңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл турବлышаһар әкімі Мұрат Әйтенов жер¬гі¬лікті шаруалармен жүздесуінде айтып өтті.

Жалпы, ауыл шаруашылығы басқармасының дерегіне сүйенсек, мегаполисте 183,5 гектар жылыжай бар. Биыл оның көлемін қосымша 30 гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Ал өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласынан түсетін табысты жыл соңына қарай 1,6 млрд теңгеге арттырып, агросектордағы жал¬пы табыс көлемін 11 млрд теңгеге жет¬кізу жоспарлануда.

Қаладағы агросаланы дамыту мақсатында қолға алынған 8 ірі ауыл шаруашылығына бағыт¬талған жобалардың сапында «Жұлдыз» шаруа қожалығы сағатына 2,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнім¬дерін өңдейтін кәсіпорынды іске қоспақ.

Ал «Дары Сай¬рама» ЖШС өндірісін кеңейту мақ¬сатын¬да сағатына 3 тонна өнім шығара¬тын қалбырлау цехын қолға алады. «Шарипов» шаруа қожалығы болса, Мәр¬төбе ауылынан 5 гектарға жылыжай салуды көздеуде.

Сонымен, Шым¬кентте жаңа сәулеттік жобалармен қатар азық-түлік белдеуін қалыптастыратын ірі агро кешендер құрылысын жүргізу уақыт талабы болып отыр. Бұған шаһардың климаттық жағдайы мен логистикалық әлеуеті көмектесері анық. Қала әкімінің бас¬тамасы оңынан жүзеге асып жатса, жақын болашақта әрбір үшінші қазақ¬стандық шымкенттіктердің бау-бақшасында піскен ауылшаруашылық өнімін тұ¬тынатын күнге де жетеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер