Медицина қызметкерлерінің балаларына сыйлық үлестірді

Screenshot_12.jpg

Бүгінгінің батырларының еңбегі еленіп, жанұяларына еріктілер сыйлық табыстады. Атап айтар болсақ, шымкенттік медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбуктар тарту етілді. 

Бұл сыйлық негізінен төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқу жүйесіне көшкен дәрігерлердің балаларына арналған еді. Аталмыш сыйлықтарды «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері жеткізіп берді.

Қайырымдылық шара коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медициналық қызметкерлері мен олардың балаларын қолдауға бағытталған. Шараға Әлеуметтік даму қоры мен Назарбаев Университеті демеушілік жасады. Аталған қор Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп, үйінде компьютері жоқ медициналық қызметкерлердің балаларына көмек көрсету мақсатында 9 отбасыға ноутбук үлестірді.

Аталған отбасылар қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметтер негізінде әлеуметтік жағдайына қарай таңдалған. Олардың арасында медбикелер мен санитар, фельдшерлердің балалары бар. Әлеуметтік даму қоры коронавирус инфекциясымен күресте зор үлесін қосып жүрген медицина қызметкерлеріне алғысын осылай білдіруді жөн деп тапты. 

Айта кетейік, игі шара аясында жалпы Павлодар, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Теміртау, Талдықорған, Ақтөбедегі медицина қызметкерлерінің балаларына 100 компьютер сатып алынған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер